È

Алматыда Универсиаданың құрметіне кинокөрсетілімдер ұйымдастырылады

Алматыда Универсиаданың құрметіне кинокөрсетілімдер ұйымдастырылады

30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында «Универсиада-2017 Мәдениеті» аясында Қазақстанның Ұлттық киноөнер қорының үздік фильмдері «Алатау» дәстүрлі өнер театрында көрсетіледі.

30 қаңтарда мәдени іс-шараны Рүстем Әбдрашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи картинасы ашады. Фильмнің сюжеті шетелдік көрерменге қазақ мемлекеттілігінң қалыптасуы туралы және қазақ хандығының алғашқы билеушілері Керей мен Жәнібек сұлтандар жайлы баяндайды.

31 қаңтарда режиссер Ақан Сатаев түсірген «Жаужүрек мың бала» тарихи драмасы көрсетіледі. Фильмдегі оқиға XVIII ғасырда, жоңғар шапқыншылығы кезінде болған. Отанды, жерді қоррғау үшін Сартай батыр бастаған өрімдей жас жігіттер жоғарлармен соғысқа аттанады.

«Жаужүрек мың бала» фильмінен кадр

1 ақпанда көрерменге «Біржан сал» биографиялық фильмі ұсынылады. Кинолента XIX ғасырда өмір сүрген қазақ компазиторы, әншісі Біржан Кожағұлов жайлы. Картинаның қоюшы-режиссеры - Рымбек Әліпиев және Досқан Жолжақсынов.

2 ақпанда тағы бір биографиялық лента «Кұнанбай» көрсетіледі. Картинаның режиссеры және бас актеры Досқан Жолжақсынов. Бұл басқарма болысы Құнанбай Өскенбайұлы - атақты ақын, ұлы ойшыл Абай Қүнанбайұлының әкесі жайлы оқиға. Драма «Күміс Ақбузат» кинофестивалінде «Ұлттық рух үшін» номинациясы бойынша жеңіске жетті, сондай-ақ фильм Болгария және Татарстанда өткен халықаралық кинофестивальдарға қатысты.

3 ақпанда 1970 жылы Сұлтан-Ахмет Қожықов түсірген «Қыз Жібек» фильм-трагедиясы көрсетіледі. Бұл оқиға сарбаз жігіт төлеген мен сұлу жібектің арасындағы махаббат жайлы. Әттең, ғашықтар бірге бола алмайды: олардың рулары ұзақ жылдан бері бір-бірімен жау. Жастар арасындағы жағдай арқылы сол замандағы қазақтардың салт-дәстүрі, дүниетанымы суреттеледі.

«Құнанбай» фильмінен кадр

4 ақпанда ұйымдастырушылар Сламбек Тәуекелдің «Земля обетованная» картинасын ұснады. Фильм өткен жүзжылдықтың 30-ыншы жылдарындағы Кеңес одағын жайлаған ашаршылық, репрессия жайлы. Лента болған оқиғаға негізделген.

5 ақпанда үлкен экранда Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» тарихи-биографиялық картинасы көрсетіледі. Сюжеттің ортасында журналист Рамазан. Ол бір кездегі қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов секілді ең ірі көтерілістің ұйымдастырушысы Кенесары ханның тағдырын зерттеуге кіріседі. Алайда ол да белгілі тарихшы секілді ақиқат жолында кедергілерге тап болады.

«Аманат» фильмінен кадр

6 және 7 ақранда «Отты өзен» және «Темір тау» картиналары ұсынылады. Бұл «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының екінші, үшінші бөлімдері. Картиналар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет тарихының қалыптасуындағы маңызды кезеңдері жайлы.

Барлық көрсетілім 15:00-де.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер