Биылғы жылы Каннда фестиваль уақытында қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады
АҚШ Еуропаны террористік шабуыл қауіптілігі жөнінде ескертті. Өйткені, өткен жылдың шілде айында Каннға жақын Ницца қаласында теракт болған еді. Терроршы Мохамед Лауэж-Булель Англия жағалауында қыдырып жүрген бір топ туристерді жүк көлігімен қағып кеткен болатын. Оқиға орнында 86 адам қаза тапты. Қайғылы жағдайға «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы жауапты болды.
Сондықтан, биыл Канн қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Қала басшысы Давид Лиснар израильдік терроризмге қарсы күрес маманы Ницан Нуриэлден кеңес алды.
Канның фестиваль барысында қаланы әрдайым қауіпсіз қылу әрекетіне қарамастан, 2015 жылы Cartier зергерлік дүкенін тонап кеткен.
Жалпы, көптеген жұлдыздар Каннға өздерінің қорғаушыларымен келетіні мәлім. Олардың барлығын фестивальдің қызметкерлері тексеретін болады.
Биыл 70-Канн фестивалі 17-27 мамыр аралығында өтеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін