È

Қазақстанда сөйлейтін піл туралы «Батыр» фильмі түсірілуде

Қазақстанда сөйлейтін піл туралы «Батыр» фильмін түсіріп жатыр. Қазақстан киносы

«Elephant production» кинокомпаниясы «Батыр» көркем фильмінің түсіріліміне кірісіп кетті. Картинада 70-90 жылдары Қарағанды зообағында өмір сүрген сөйлейтін піл туралы баяндалады.

Батыр есімді піл 1969 жылы дүниеге келген. Алғашында ол Алматы циркінде болған, кейіннен Қарағанды зообағына ауыстырылды. Піл осы жақта қоршаған ортадағы түрлі дауыстарды дыбыстау және адамдардың сөздерін қайталау қасиетіне ие болады. Осылайша, сөйлей алатын піл қаланың сүйіктісіне айналып үлгерді. Танымал піл туралы тек газеттерде жазып, телеарналардан көрсетіп қана қоймай, деректі фильмдер түсірілді. Сақталған бейнежазбалардан Батырдың ««Батыр - ішу», «Батыр - жақсы» деген сөздерді айтқандарын ести аламыз. Тіпті, пілдің беймаза журналистерге арнап бейәдеп сөз айтқаны тарихта қалып қойған.

Картина түсірумен халықаралық топ айналысып жатыр. Жоба идеясының авторы әрі режиссері Канададан келген Бауыржан Досмағамбетов болды. Қоюшы-оператор ретінде Алехандро Чавес арнайы Мексикадан шақырылды. Бас продюсерлері - Әсел Сағи және Ақбар Құрманбаев. Атқарушы продюсерлері - Данила Ким мен Әсел Қодарова, креативті продюсері - Фархат Әбдірайымов.

Санұржан Сүлейменов, Салтанат Наурыз, Нұргүл Алпысбаева, Марат Әбішев

Тамаша піл туралы тарихты өндіруге топ мүшелері 4 жыл дайындалған. Авторлардың айтуынша, көрермендер ғажайып туралы, достық пен адамдық сенім жайында әсерлі хикаяның куәсі болады. Негізгі рөлдерді Салтанат Наурыз, Санұржан Сүлейменов, Марат Әбішев және Нұргүл Алпысбаева сомдайды.

«Батыр» айналымға 2018 жылдың көктемінде шығады.

 

Суреттер Instagram-дағы @batyr_movie ресми парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса