È

«КиноСад» жазғы кинотеатрында алматылық жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

«КиноСад» жазғы кинотеатрында алматылық жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Алматы қаласындағы Ботаникалық бағының «КиноСад» жазғы кинотеатрында өткен демалыста болған көрсетілім ерекше болды. Көрсетілім кезінде жас жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады.

Бұл жолы «КиноСад» қонақтарына «Ерніңді тістеме» («Не кусай губы») қысқаметражды фильмі және Сәкен Жолдастың «Он и Она» романтикалық комедиясы көрсетілді. Көрсетілімнің арасында сахнаға қолында үлкен раушан гүлдерінің шоғыры бар Димаш есімді жас жігіт шығып, Әсем есімді сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады. Жігіттің әсерлі сөзін жұптың суреттерінен құралған слайд-шоу жалғады. Бойжеткен мұндай керемет ерекше ұсынысты күтпеген еді. Ол жас жігіттің романтикалық қасиеті мен жасампаздығын бағалап, жағымды жауап берді.

Димаштың ержүректілігі мен ерекшелігіне көрермендер де таң қалып, жаппай қол соғып, құттықтауларын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Киносадтың» бағдарламасында келесі жолы көрсетілетін фильм – Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы.

Көрсетілімдердің бас демеушісі – Қазақстан Халық банкі аясындағы «Халық» қайырымдылық қоры, ұйымдастырушылары – «Басты Ботаникалық бағының даму қоры» және «Бродвей» кинопорталы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер