È

«Туран» университетінде үздік кинооператорлар анықталды

«Туран» университетінде үздік кинооператорлар анықталды

«Туран» университетінде «Операторлық өнер» мамандығы бойынша III Республикалық пәндік олимпиада болып өтті. Байқауға Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазҰӨУ және «Туран» университетінен 18 студент қатысты. Қатысушылар операторлық өнерге қатысты білімдерін, шығармашылық қырларын, маман ретіндегі тәжірибелерін ортаға салды.

Байқауға қатысушыларды Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Телевидение режиссурасы және операторлық өнер» кафедрасының меңгерушісі Маргарита Соловьева, «Ораз Әбішев Қоры» Қоғамдық қорының президенті Шырын Мақсұтова, сценарист Бекболат Шекеров, актер, режиссер және клипмейкер кіші Валерий Задарновский, Action киномектебі шеберлік режиссурасының директоры, сценарист Төлеген Байтөкенов, кинооператор Қазбек Әміржанов және «Бродвей» кинопорталының редакторы Айдана Мамаевадан құралған әділқазы мүшелері сынады. Алқалық төраға жетекшісі «Туран» университеті «Киноөнер» кафедрасының меңгерушісі, өнертанудың кандидаты Анар Секеева болды.

Әділқазылар алқасының бірыңғай шешімімен олимпиада жеңімпазы «Туран» университетінің 3 курс студенті Диана Басарова атанды. Екінші орынды ҚазҰӨА-ның 2 курс студенті Офелия Жакаева және «Туран» университетінің 3 курс студенті Әмір Зарубеков алды. Үшінші орынды ҚазҰӨУ-дің 2 курс студенті Данияр Молдабеков, ҚазҰӨА-ның 3 курс студенті Али Исабаев және «Туран» университетінің 2 курс студенті Жандос Досмаков иеленді.

Негізгі жүлделі орындардан бөлек, олимпиада қатысушыларына іс-шараның серіктестері атынан арнайы марапаттар үлестірілді. Олар: Қазақстан Республикасының Бірінші Президент Қоры, «Ораз Әбішев Қоры», Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Қазақстан кинематографистер Одағы, «VITO Cinema» продюсерлік бірлестігі, Action кино мектебі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы, «Хабар» агенттігі және «Бродвей» кинопорталы.

Арнайы шақырылған қонақтар тізімінде актер, каскадер Ерден Телемісов, актриса, әнші, режиссер әрі жүргізуші Іңкәр Әбдіраш, режиссер әрі продюсер Серік Әбішев болды.

Еске сала кетсек, «Операторлық өнер» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада 2015 жылдан бері «Туран» университетінің және «Кино академиясы және телевидение» факультетінің негізінде өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты – заманауи кинематографияда әлемдік кәсіби деңгейде мемлекет имиджінің одан әрі дамуына атсалысатын маманданған ұрпақ тәрбиелеу.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер