È

«Құдіретті» веб-хикаясы Realist Web Festival-де жеңіске жетті

«Құдіретті» веб-хикаясы Realist Web Festival-де жеңіске жетті

Қазақстандық «Құдіретті» веб-хикаясы алғашқы Халықаралық Realist Web Festival ресейлік фестивалінде көзге түсті. Жоба «Үздік жаңашыл идея немесе әдіс» аталымын жеңіп алып, сондай-ақ «Зияткерлік меншік Ұлттық тізілімінің арнайы жүлдесіне» ие болды.

«Құдіретті» веб-хикаясы – актер әрі блогер Ерден Телемісовтің алғашқы режиссерлік жұмысы. Сюжет бойынша ағайынды үш жын заманауи өмірде адамдардан жасырынып өмір сүреді. Бірақ, ағайындылардың кішісі Желіге тіркелгеннен бастап, олардың қалыпты әрі жайлы өмірлері бұзылады. Ол танымал болу үшін оқырмандарының кез-келген тілегін орындауға дайын.

Жоба School Five Experience продюсерлік тобымен бірлесіп жасалды, оның құрамында Ілияс Ахмет, Нариман Әбиев және Андрей Мануйлов бар. Картинаға Мұрат Мұқашев, Нұркен Туматаев, Ерден Телемісов, Санжар Мәди, Ержан Түсіпов, Әзиз Бейшеналиев, Кәрім Қадырбаев және Ольга Ландина сынды актерлар түсті.

Realist Web Festival – Ресейдегі веб-хикаялардың алғашқы халықаралық фестивалі. Байқау Ресей мен одан тыс елдердегі веб-хикая форматын дамыту мен танымал қылу мақсатында өткізіледі. Фестивальге 14 елден 160-тан астам өтініш келіп түскен. Алайда, байқау бағдарламасына 30 картина ғана енді. Бас жүлдені Канадалық «Сұмдық 404» жобасы қанжығасына байлады.

«Құдіретті» хикаясы алдағы күзде YouTube платформасына шығады деп жоспарлануда.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер