«Еуразия-2017» кинофестивалінде алғаш рет «Бес құрлық» атты балалар киносының байқауы ашылды
XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде алғаш рет «Бес құрлық» балалар киносының байқауы өткізілмек. Фестивальдің жаңа бағдарламасында «Қазақ Елі» анимациясы таныстырылады. Мультфильм Қазақ хандығының құрылуын және оның алғашқы басшылары Жәнібек пен Керей туралы баяндайды.
«Бес құрлық» аясында барлығы 14 кинокартина көрсетіледі. Үздік балалар киносы атауына үміткер фильмдер: неміс режиссері Доминик Висселидің «Неллидің хикаялары», Анастасия Глебованың «Сиқырлы қарындаш» ресейлік фэнтезиі, иран режиссері Алириза Таваколи Бинаның «Калила және Димна» мультфильмі және Греция, Қытай, Нидерланды, Жаңа Зеландия мен Франция елдерінен келген кинематографшылардың жұмыстары таласады.
«Қазақ Елі» мультипликациялық фильмінен көрініс
«Қазақ Елі» мультипликациялық фильмі «САҚ» пен «Қазақфильм» студияларының негізінде өндірілген. Оның құрылуына режиссер Батырхан Дәуренбековтың жетекшілігімен 35 маман атсалысты. Биылғы жылы картина Каирдағы ХКФ-де «Үздік толықметражды фильм» деп танылған, ал 2016 жылы анимация Барселонадағы Asian Film Festival-де көрсетілген болатын.
«Еуразия» кинофестивалі 22-28 шілде аралығында Астанада өтеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін