Қыста «Апан» отандық триллері көрсетіледі
1 желтоқсан күні еліміздің барлық кинотеатрларында әнші Айбек Жансейітовтың (сахналық есімі Бүркіт – ред.) «Апан» атты фильмі көрсетілмек. Картина әртістің кинодағы продюсерлік әрі режиссерлік дебюті болып табылады.
«Апан» фильмі экшн-триллер жанрында түсірілген, режиссердің айтуынша, картина заманауи өмірдің тұтқындары жайында баяндайды. Кинотаспа Ақмола облысындағы Бурабай курортының әсем табиғатының ортасында түсірілген. Түсірілім биылғы жылдың мамыр айында басталып, маусымына дейін жалғасқан. Фильмнің бастапқыдағы уақытша атауы «Тұтқындар» болатын.
«Апан» фильмінің түсірілімінен сурет
Жобаға қоюшы-оператор ретінде Әубәкір Сүлеев арнайы шақырылған. Кинематографшы 20-ға жуық картиналарды түсірген, олардың ішінде «Отырардың күйреуі», «Көшпенді» және «Арман қала» фильмдері көрермендерге жақсы таныс. Фильм өндірісімен «Бүркіткино» компаниясы айналысты.
«Апандағы» басты рөлдерді Бауыржан Сатов, Айлин Елеукенова және Айым Алтынбекова сомдады.
Жақында фильмнің дыбысталуы өткен болатын, оған негізгі рөлдерді сомдаушы актерлар ғана емес, сонымен қатар Арыстан Әбділдаев пен танымал вайнер Біржан Әшім қатысты.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін