È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Сұқбат
  • Мұрат Мусин: «Кинематограф – барлығын қозғалтатын нағыз бейнелеу өнері»

Мұрат Мусин: «Кинематограф – барлығын қозғалтатын нағыз бейнелеу өнері»

  • 18 Тамыз, 2017
  • Мадина
  • 2 147
  • 0
Мұрат Мусинмен сұхбат

Кез-келген картинаның жарқын әрі есте қалатын көріністері қоюшы-суретшінің еңбегінің нәтижесі. Сол кезде фильмде сапалы бейнелер пайда болады, актерлардың ойындары, декорациялар, локациялар бір-бірімен байланысады. Осылайша, көрерменге сапалы өнім ұсынылады. Қоюшы-суретшінің кәсібилігін, бейнелеу өнерінің қыр-сырын және тағы да көптеген пайдалы мәліметтер туралы Мұрат Мусин «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында баяндап берді.

- Сіз киноға қалай келдіңіз? Қалай қоюшы-режиссер атандыңыз? Осы туралы айтып берсеңіз.

- Мен Душанбеде әскерде болғанымда, театр суретшісін жолықтырдым. Ол менің театрдың қоюшы-суретшісі болуыма септігін тигізді. Одан кейін Тәжікстан кинематографистер Одағы басқармасының басшысын кездестірдім. Ол мені кинорежиссураға бағыттады. Сол жақтан «Трускавецке кім барады» атты қызықты картинаны көрдім. Фильм өте қызықты, интеллигентті, әсерлі әрі жеңіл формада түсірілген. Алматыға келгенімде, баспаға көркем редактор болып жұмысқа орналастым. Бірақ, кітап графикасының менікі емес екенін түсіндім. Содан кейін, киностудияға жол тарттым, дегемнен менің қалауым – кинодекорациялар. Мені бірден бұл қызметке ала қойған жоқ, алдымен ойыншықтар жасалатын мультипликациялық цехта жұмыс істедім. Сол уақыттарда БМКИ-ге түсу үшін шеберлік сыныбы ұйымдастырылған болатын. студенттерді режиссер Сергей Соловьев іріктеді. Шеберлік суретші-операторларды, режиссерлар мен сценаристерді оқытты. Мен режиссерлікке өтініш бердім. Бірақ, өз кескіндемемді ұсынып, кішкентай қателік жасап қойдым. Туындым ұлттық комиссияға және Мәскеуден келген адамдарға ұнап қалды да, олар маған: «Сен одан да қоюшы-суретші мамандығына бар» деді. Мен келісе кеттім. Осылайша, қоюшы-суретші әрі режиссер болып шыға келдім, соңғы курстарда деректі жанрда дебютті жұмыстарымды түсіре бастадым.

Мұрат Мусин және Нұрия Қаспақова. Фотосурет: PPZ.KZ

Бір ай бұрын жекеленген көркемөнер, кино эскиздері және графикасы көрмесін өткіздім. Мен суретші, режиссер, сценарист, ұстаз ретінде суреттердің түр-түрімен айналыса беремін. Бұл менің бағытым. Сонымен қатар, суретке түсіргенді жақсы көремін, өйткені ол бір жағынан көркемөнер секілді тұрақты әрі кинематограф секілді шынайы болып келеді. Кино табиғаты – суретті, ал сурет – бұл көркемөнер мен режиссура арасындағы орталық. Мен суреттердің жекелеген көрмелерін жасадым. Оператор мен режиссер ретінде бірнеше деректі картиналарды түсірдім. Киноны бейнелеу өнеріне жатқызамын, себебі біз оны көзбен көреміз, егер бейне нашар болса, онда көрерменннің де картинаға деген сенімі азаяды. Фильм эстетикалық тұрғыда түзелмесе, композициялық жағы толықпаса және түс жағынан үйлесімді түрде көмкерілмесе, ол картина аудиторияны қанағаттандыра алмайды. Кинематограф – барлығын қозғалтатын нағыз бейнелеу өнері.

- Алғашқы киножобаңыз жайында айтып беріңізші?

- Менің алғашқы жұмысым – Қазақстанның ең жарқын картинасы «Ине». Одан кейін, «Қауышу», «Ажыратушы» фильмдері болды. Үш таспаның барлығы жаңа толқынға кірді. Жалпы, мен әрбір үшінші картинамды «қазақтың жаңа толқыны» бойынша жасадым.

- Картинамен жұмыс істеуді неден бастайсыз? Әр адамның өзінің техникасы бар ғой. Сіздің техникаңыз қандай?

- Біріншіден, сценарийді оқисың. Одан нысандарды бөліп аласың. Кейіннен қай бағытта түсіретініңді анықтап аласың. Егер ол қалалық картина болмаса, онда Алматы облысының екі бағытында: Қапшағай мен Қаскелең жерлерінде түсіресің. Жалпы, картиналар көбінесе Алматыда түсіріледі. Басқа қалаларға сирек шығамыз.

- Бізге кейбір суретшілердің өз эскиздерін сақтамайтынын айтып еді. Сіз жұмыстарыңызды сақтайсыз ба?

- Негізі, жұмыс эскиздері менде де сақталмайды. Мен көптеген жұмыстарымды жақында түсірілген картинадан бердім. Былтырғы жылы біз Шоқан Уәлиханов туралы «Қашқарияға саяхат» картинасын түсірген едік. Бірақ оларды, неге екені белгісіз, бұл көрмеге қоймапты. Дегенмен, өздері кофе төгіліп қалған, аяқпен тапталған және т.б. кез-келген жұмысты қабылдай береміз деген еді.

- Қазір қандай картинамен жұмыс істеп жатырсыз?

- «Менттер» атты заманауи картина бойынша жұмысты бастадым. Фильм полицияда жұмыс істейтін егіз ағайындылар туралы. Жұмыс барысында олар белгісіз біреудің сұмдық қылмыс жасағанын біледі.

Фотосуреттер ppz.kz сайтынан алынды

- Жас суретшілерге қандай тілек айтасыз?

- Кәсіби дайындықты тілеймін. Қазір киноға суретші мамандығын бітірмеген адамдар келіп жатыр. Мен БМКИ-ға түспей тұрып, Алматыда көркем-графикалық факультетте 4 жыл оқыдым. Одан кейін, Мәскеудегі БМКИ-да кино суретшісі мамандығын 5 жыл бойы оқып, бітірдім. Ал қазір бейнелеу өнерінен хабары жоқтар да кино түсіріп жатыр. Заттардың орындарын ауыстырады, бірақ оларда композиция немесе «кино тілі», «кинофактура», «кинопластика» деген түсінік жоқ. Мұның барлығы бейнелерге кері әсер етіп жатады. Сондықтан, жас суретшілерге айтарым: жекеменшік студиядан болса да, білім алыңыздар. Айтпақшы, осы саланы тереңірек оқыту үшін суретші білімі бар қоюшы-суретшілер үшін екі жылдық оқыту курстарын ұйымдастыруды жоспарлап жүрмін.

Мұрат Мусинге сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Әңгімелескен Әсел Базарбаева

Превью: Vecher.kz

  • 18 Тамыз, 2017
  • Мадина
  • 2 147
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

27 Тамыз, 2019

Фариза Танаева: «Дәрежан Өмірбаевтың кейіпкер түсімен жұмыс істеуі жаныма жақын»

Кинорежиссер Фариза Танаевамен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Шұғыла Сержан: «Мен қазіргі кезге дейін қызығатын тақырып – отбасы махаббаты»

IV Baiqonyr SFF жеңімпазы Шұғыла Сержанмен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Төлеубек Аралбай

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама